|
23.07.2022 | 11:30
14461

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз күн райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады pixabay.com

Қазгидромет 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Елдің батысында – бұршақ, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең – тұман болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. 

Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. 

Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысы мен шөлді аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде аптап ыстық болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир