|
31.10.2021 | 09:35
2619

Атырауда 10 жастағы бала тоққа түсіп көз жұмды

Қазір таңда аталған дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр

Атырауда 10 жастағы бала тоққа түсіп көз жұмды newsroom.kz

Атырауда тоққа түскен 10 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 30 қазанда болған.

«Полицияға 1953 жылғы азаматтан сағат 15:00 шамасында немересінің токқа түскені туралы хабар түскен. Кейін 10 жасар баланың ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылғаны анықталды. Сол кезде тоққа түсіп қалған», – делінген хабарламада.

Жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған. 

Қазір таңда аталған дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир