|
01.08.2022 | 09:30
2563

Анна Данилина Варшава турнирінің жеңімпазы атанды

Ол германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен шеберлік байқасты

Анна Данилина Варшава турнирінің жеңімпазы атанды  ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен шеберлік байқасты. Бірінші партия барысында К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын аудара білді – 6:4. Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды – 5:5. 

Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз есептеріне жазды – 7:5. Супер тай-брейкте қазақстандық-германиялық жұп 8:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін К.Кава мен А.Росольска есепті қысқартқанымен, Данилина мен Фридзам мүмкіндігін жібермеді – 10:5. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта қазақстандық-германиялық дуэт 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Польшалық жұп та 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Анна Данилина өз спорт жолында жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир