|
29.05.2021 | 19:47
11122

Хоккей: Қазақстан әлем чемпионатында өз тобында бірінші орынға көтерілді

Қазақстан өз тобындағы соңғы ойынды 31 мамырда Норвегиямен өткізеді

Хоккей: Қазақстан әлем чемпионатында өз тобында бірінші орынға көтерілді wc2021.ligasy.kz. Автор: Ольга Бугаева

Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан В тобындағы алтыншы ойынын Италиямен өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл матчта Юрий Михайлис шәкірттері қарсылас қақпасына 11 шайба соқты. Қазақстан сапынан Роман Старченко (3 және 57-минуттарда), Егор Петухов (33-минутта), Евгений Рымарев (35-минутта), Никита Михайлис (42-минутта), Кертис Волк (47-минутта), Артем Лихотников (48 және 50-минутта), Кирилл Панюков (55-минутта), Виктор Сведберг (58-минутта) және Егор Шалапов (60-минутта) мергендігімен көзге түсті.


Ал Италия сапынан Анджело Мичели (25-минутта), Петер Хохкофлер (42-минутта) және Алекс Петан (51-минутта) Никита Боряркин қақпасын дәл көздеді. Қорытынды есеп – 11:3.


Осылайша, Қазақстан 6 матчта 10 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Одан кейін Финляндия – 10 (4 матч), Германия – 9 (4 матч), АҚШ – 9 (4 матч), Латвия – 8 (5 матч), Канада – 6 (5 матч), Норвегия – 5 (5 матч), Италия – 0 (5 матч) орналасқан.


Қазақстан өз тобындағы соңғы ойынды 31 мамырда Норвегиямен өткізеді. Плей-оффқа әр топтың үздік 4 командасы жолдама алады.


Италия – Қазақстан –  3:11 (0:1, 1:2, 2:8)


0:1 – Старченко (Волк, Михайлис) –  02:12

1:1 – Мичели (Петан, Франк) – 24:37

1:2 – Петухов (Асетов, Степаненко) – 32:31

1:3 – Рымарев (Шин, Блэкер) – 34:59

1:4 – Михайлис (Старченко, Волк) – 41:31

2:4 – Хоккофлер (Гандер) – 41:43

2:5 – Волк (Старченко) – 46:12

2:6 – Лихотников – 47:01

2:7 – Лихотников (Маклюков, Шалапов) – 49:46

3:7 – Петан – 50:59

3:8 – Панюков (Диц, Старченко) – 54:38

3:9 – Старченко (Волк) – 56:07

3:10 – Сведберг (Шестаков, Сагадеев) – 57:44

3:11 – Шалапов (Асетов, Лихотников) – 59:52.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир