|
14.09.2020 | 21:30
1409

Алматыда экологтар кәріз суын арықтарға ағызып отрыған нысандарды анықтады

Шапағат шағын ауданының тұрғындары канализация иісіне тұншығып отырғанын айтады

almaty.tv

Алматыда Шапағат шағын ауданының тұрғындары канализация иісіне тұншығып отыр. Себебі, ондағы кейбір нысандар мен үйлер кәріздің суын тікелей арықтарға ағызады екен. Бұл жайында экологтар жүргізген кезекті рейд барысында анықталды. Қоқыс пен қалдық суға толған арықтар үшін кім жауапты? Жағымсыз иіс салдарынан қауіпті індеттің таралуы мүмкін бе? Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғайдың репортажы.

Арықтан аққан кәріз суы тек тұрғындарға ғана емес, табиғатқа да орны толмас зиян келтіруде. Мәселен, қалдықтар мына Ащыбұлақ өзеніне де келіп құйылады екен. Енді табиғи судың қанша уақытта қайта қалпына келетіні де белгісіз.

Шамамен 3 шақырымға тарайтын арық жүйесіндегі қалдық су аймақтағы Тереңқара және Ащыбұлақ өзендеріне құйылады. Салдарынан жағымсыз иіс ықшамауданды толықтай жайлап отыр. Тынысы тарылған жергілікті тұрғындар терезелерін ашып, аулада серуендеуден қалған. Айтуынша, өткір иістен тіпті бетперде де көмектеспейді екен.

«Кешкісін мүмкін емес демалуға. Балалар шығып ойнай да алмайды. Сасықтан иісі мүмкін емес демалуға. Далаға шығып отыра алмаймыз. Мына үйдің оң жағында менің үйім, оң жаққа қарай шығып кетесің. Мұнда ойнау мүмкін емес, демалу мүмкін емес. Көшеге, шынын айтқанда, бүкіл не ақпайды. Кірдің де суы ағады, дәретхананың да суы ағады», – деді қала тұрғыны Ғабиболла Өтенов.

Канализация бөлетін газ құрамында сутегі сульфиді, аммиак, көмірқышқыл газы сияқты улы заттар болуы мүмкін. Мұндай өткір иістен адамның тыныс алу мүшелерінде созылмалы ауру пайда болуы да ғажап емес. Осы орайда экология департаментінің мамандары арықтағы судың сынамасын алды. Оның құрамы тексерілгеннен кейін жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдарына хат жолданады.

«Алматы қаласының тұрғындарын табиғатқа, қоршаған ортаға, біз өмір сүріп жатқан қалаға жанашырлықпен қарауды талап етеміз, шақырамыз соған. Өздеріңіз көрдіңіздер, жеке сектордың ішінен кәріз суы мына ортақ қалалық арықпенен ағып келе жатыр. Барлық кәріз ағындылары көлге құйып, бұл жерден адам шыдамастай сасық иіс байқалуда», – деді қалалық Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Дінмұхамед Лесбеков.

Одан өзге, тәртіп сақшылары көше бойын қоқысқа толтырған тұрғындарға қатаң ескерту жасады. Аталған заңбұзушылықты қайталаған жағдайда мұндай үй иелері 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Экологтар осы сынды қадағалау жұмыстарын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Сымбат Ноғай, Сағынғали Мұңайтбасов, «Алматы» арнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир