|
28.11.2021 | 12:28
1347

Елімізде 18 градусқа дейін аяз болады

Қар жауғаннан кейін Қазақстанға солтүстік-батыс антициклоны ығысады

Елімізде 18 градусқа дейін аяз болады Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктердің болжамы бойынша, қар жауғаннан кейін Қазақстанға солтүстік-батыс антициклоны ығысады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы және республиканың солтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солтүстікте ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 7-15 аязға дейін төмендейді.

Батыста күндіз 0-5 градусқа дейін жылы, оңтүстік-батыста күндіз 12 градусқа дейін жылынып, Шығыста да ауа температурасы көтеріледі, түнде 15-23 градус аяздан 8-16 градусқа дейін, күндіз 0-10 градус аяз болады.

Республиканың оңтүстігінде түнде 0-10 градус аяздан 0-5 градусқа дейін жылынып, күндіз 0-10 градус аяздан 3-15 градусқа дейін жылы болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир