|
03.11.2023 | 10:31
2290

Астанаға Гурбангулы Бердімұхамедов келді

Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді

Астанаға Гурбангулы Бердімұхамедов келді Сурет: Үкімет

Астанаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Үкіметінің жазуынша, бүгін мәртебелі мейман бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады. 

Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келген болатын. 

Әуежайда Гурбангулы Бердімұхамедовті ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Оқи отырыңыз: Алматыда қанша аула жөндеуден өткізілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир