|
26.11.2021 | 18:09
5526

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді

Президент соңғы 30 жылда Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында өзара сенімге, құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынас орнағанын атап өтті

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің тиімді жүзеге асырылуына баса мән бере отырып, Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық салалар бойынша ықпалдастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы күреске, оның ішінде вакциналарды және вакцинация паспорттарын өзара мойындауға қатысты өзекті мәселелер сөз болды.

Бұдан бөлек тараптар халықаралық және өңіраралық күн тәртібін, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды және осы елге гуманитарлық көмек көрсету үшін күш жұмылдыру мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельдің Еуропалық кеңес президенті лауазымындағы көшбасшылығын жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастыққа бағытталған ашық әрі конструктивті ұстанымына ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында өзара сенімге, құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынас орнағанын атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир