|
28.11.2021 | 15:40
1003

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Екі адам көз жұмды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды  Стоп кадр

Алматы облысында 27 қараша күні бірнеше көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көлік апатының видеосын желіге куәгерлер жариялады.

«Құлжа тасжолында адамды қағып кетті. Абай болыңыздар. Адам қаққан көліктің осындай болуы үшін ол қандай жылдамдықпен жүрді екен», – дейді видеоға түсіріп тұрған автор. 

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Бұл факті 27 қараша күні түнгі сағат 23:00 шамасында Талғар ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, Киа-Рио көлігінің 21жастағы жүргізушісі «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 52 жастағы адам оқиға орнында мерт болды», делінген ведомствоның хабарламасында. 

Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар 27 қараша күні Алматы облысында 3 көлік соқтығысып, 13 жастағы бала мерт болды. Оқиға «Алматы – Көкпек – Көктал» тасжолында болған. Алдын ала болжам бойынша, Kia Sportage көлігі батыс бағытпен келе жатып, бұрылыста бұрылғалы тұрған Volkswagen Golf көлігіне соғылған. Соққының салдарынан Volkswagen Golf қарсы бағытқа шығып кетіп,Toyota Ipsum көлігіне соғылған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир