|
26.04.2024 | 16:13
249

Алматыда әмбебап жекпе-жектен республикалық чемпионат басталды

Спортшылар жекпе-жектен бөлек, 10 түрлі кедергіден өтеді

Алматыда әмбебап жекпе-жектен республикалық чемпионат басталды Almaty.tv

Алматыда әмбебап жекпе-жектен Ауған соғысының батыры Байғали Қоқымбаевті еске алуға арналған республикалық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төрт күнге созылатын дүбірлі дода спортшыларды лайт және классик түрінен күш сынастырады. Жалауы желбіреген сайыс 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің басын қосты. Қазақстан чемпионы атану үшін 11 облыстан 350-ге жуық спортшы қатысқан.

Айта кету керек, әмбебап жекпе-жектің басқа спорт түрінен басты ерекшелігі – жекпе-жектен бөлек, 10 түрлі кедергіден өтеді. Басты мақсат – жас спортшылардың патриоттық сезімін, жауынгерлік күш пен әскери қолданбалы дайындығын нығайту.

– Байғали Қоқымбаевті еске алу мақсатында  жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Чемпионатқа 3 қаладан және 11 облыстан спортшы қатысып жатыр. Олар алдағы Азия чемпионатына іріктеледі, – деді Бас төрешінің орынбасары Абылайхан Аманкелдин.

– Бұл спорт түріне 11 жасымнан бастап қатысып келемін. Қарсыласым осал емес, бір клубта дайындаламыз, – деді жарысқа қатысушы Тимур Толғынбетов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир