Талдықорғанда «Құдіретім – қылқалам» атты шығармашылық көрме өтті

Көрмені өткізудегі басты мақсат – өскелең ұрпаққа халқымыздың дәстүрін, тәуелсіз елдің деңгейін көрсету

Талдықорғанда «Құдіретім – қылқалам» атты шығармашылық көрме өтті Almaty.tv

Талдықорған қаласының Көркемсурет галереясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Құдіретім – қылқалам» атты шығармашылық көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кештің авторы – Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының академигі Жанұзақ Мүсәпір.

Көрмені өткізудегі басты мақсат – өскелең ұрпаққа халқымыздың дәстүрін, тәуелсіз елдің деңгейін көрсету.  

«Не нәрсе болса да, қаламмен жасалады. Сондықтан да қаламның құдіреті – бүкіл әлемнің құдіреті деп айтуға болады. Сондықтан мен әрқашан да өзімнің құдіретім қылқаламым деп есептеймін. Туған жеріме тарту ретінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осы көрмемді ұсынып отырмын», – деді ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жанұзақ Мүсәпір.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир