|
11.12.2021 | 14:31
615

Өркен Бүркітбаев: «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты фильмі оқиғаны толық ашып көрсеткен

Өркен Бүркітбаев: «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты фильмі оқиғаны толық ашып көрсеткен

Ұлттық тарихымызда Желтоқсан көтерілісінің орны ерекше. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай түсірілген «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильм жастардың тәрбиесі мен болашағы үшін маңызы зор. Бұл туралы желтоқсаншы Өркен Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«1986 жылы Алматы қаласында Дене шынықтыру институтының 2-курс студенті болатынмын. Оқиғаның бас-аяғына дейін қатыстым. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай түсірілген деректі фильм маған ұнады. Жақсы түсірілген. 100 пайыз оқиғаны ашық көрсеткен десем, артық болмайды деп ойламын.  Өйткені жағдайдың қалай басталғаны, оған не себеп түрткі болғаны көрсетіледі. Жастардың тәрбиесі мен болашағы үшін бұл фильмнің маңызы зор», – деді желтоқсаншы Өркен Бүркітбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир