|
14.12.2020 | 17:02
8464

Бұл саябақтың болашағы зор – «Желтоқсан қоғамы» бірлестігінің төрғасы Нұрлыбек Қуаңбаев

Аумағы 100-гектарды алып жатқан жасыл аймақ Түрксіб ауданының Жас қанат ықшам ауданында орналасқан

Бұл саябақтың болашағы зор – «Желтоқсан қоғамы» бірлестігінің төрғасы  Нұрлыбек Қуаңбаев Almaty.tv

Алматыда «Желтоқсан» саябағы ашылды. Аумағы 100-гектарды алып жатқан жасыл аймақ Түрксіб ауданының Жас қанат ықшам ауданында орналасқан.  

Желтоқсан оқиғасы қатысушылар тарапынан қала әкімдігіне саябақ ашу туралы ұсыныс былтыр жасалған. Осылайша алматылықтар желтоқсан оқиғалары кезінде қаза болған азаматтар рухына тағзым етуді мақсат еткен еді. Бұл бастаманы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бірден қолдап, саябақ ашуға көмек көрсеткен. Бұл жайында «Желтоқсан қоғамы» бірлестігінің төрғасы  Нұрлыбек Қуаңбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы ұсынысты желтоқсаншылар болып көтеріп жүрдік. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынысты қабыл алып, бүгін міне саяқбақ ашылды. Бұл саяқбақтың болашағы зор болады. Бұл саябақтың ашылуы Желтоқсан оқиғасына дем бергендей болды. Ризамыз. Өте қуантарлық жағдай», – деді «Желтоқсан қоғамы» бірлестігінің төрғасы  Нұрлыбек Қуаңбаев.

Сонымен қатар, Нұрлыбек Қуаңбаев  Желтоқсан көтерілісі Қазақстанда тұратын ұлттарды біріктіретін факторға айналуы тиіс екенін айтады.

«Мұндай көтеріліс екінші рет қайталанбауы керек. Бұл бізге сабақ болуы керек. Еліміздегі соңғы көтереліс болсын! Желтоқсан оқиғасы патриоттық тәрбие беретін құрал ретінде пайдаланылуы керек. Қазақстанда бірнеше ұлт бар, сол ұлттарды біріктіретін факторға айналуы тиіс. Болашақта бұл жерде желтоқсан көтерілісінің құрбандарына ескерткіш қойылады деп ойлаймыз. Фильм де түсірілуі мүмкін», – деді Нұрлыбек Қуаңбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир