|
30.10.2018 | 16:25
2602

Алматыдағы екі ауданда газ құбырын ауыстыру жұмыстары аяқталды

Алматыдағы екі ауданда газ құбырын ауыстыру жұмыстары аяқталды

Алматыда Абай даңғылын ұзарту кезінде құрылыс алаңында газ құбырын ауыстыру жұмыстары аяқталды. Ондағы жоғары қысымды желілер тағы да екі метрге тереңдетілді.

Құрылыс барысында Наурызбай ауданының 4 мыңнан астам абоненті газдан ажыратылған еді. Жергілікті тұрғындар келтірілген қолайсыздыққа түсіністікпен қарады.

«Метро салса, әрине, қолайлы болар еді. Асыға күтіп жүрміз. Кейде жарықты, кейде газды өшіріп тастап жүр, шыдауға тырысамыз», - деген қарт тұрғынның сөзін келесі бір тұрғын: «2-3 сағат жарықты өшірді, 2 күндей газ болмады. Бірақ барлығына түсіністікпен қарап жатырмыз. Үйіміздің жанында метро болғаны өзімізге де ыңғайлы», - деп толықтырды.

Ал Алатау ауданының Рысқұлов даңғылындағы ақауы бар құбырларды жөндеу жұмыстары шұғыл түрде жүргізілді. Мамандардың айтуынша, мұндай шешім қабылдамаса қыстың көзі қырауда көптеген келеңсіздіктер туғызар еді. Газ құбырларын ауыстыру кезінде «Шаңырақ», «Өжет» және «Рахат» ықшамауданының тұрғындары кезең-кезеңімен көгілдір отыннан ажыратылды. Дегенмен, коммуналдық қызмет өкілдері жыл соңына дейін еш тұрғынның газдан ажыратылмайтынын алға тартты.  

«Алатау ауданында жоғары қысымды газ құбырының клапаны жарылып, екі күн бойы 8 мыңнан астам үй газсыз отырды. Ақауды орнына келтіру жұмысын «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі жүзеге асырды. Ресей Федерациясынан клапан тапсырыс берілді, өйткені мұндай клапан Қазақстанда жоқ», – деп түсіндірді Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Әбіл АЛДИЯР.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир