|
17.09.2018 | 19:30
1648

Ақылы медицина дамыса, қызмет сапасы да жақсарады – мамандар

Ақылы медицина дамыса, қызмет сапасы да жақсарады – мамандар

Қазақстанда жеке медицина саласын дамыту маңызды. Бұл мәселені жеке медициналық орталық өкілдері талқылады. Шетелдік әріптестерімен бірге өткен конференцияда мемлекеттік тапсырыстарды орындау қажеттілігі де қозғалды.

Сонымен қатар, медорталықтарды ұлттық аккредитациядан өткізу мәселесі де шет қалмады. Өзге мемлекеттерде ақылы медицина жоғары бағаланады. Яғни, медицина – бизнес көзі. Тиісінше, көрсетілетін қызмет сапасы да жақсарады дейді мамандар.  

«Бүгінгі конференция еліміздегі жекеменшік медициналық орталықтардың қызмет көрсету ауқымының кеңейіп келе жатқанын көрсетті. Жаңа технологияларды игеріп, серіктестікті дамытуда. Сондай-ақ, шетелдік алдыңғы қатарлы медициналық мекемелермен қарым-қатынас та дұрыс жолға қойылып келе жатыр. Маңызды мәселелердің бірі – аккредитациядан өту жайы да қозғалды. Өйткені, онсыз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайды. Сондықтан оның маңызы зор», – дейді Керуен-Medicus медициналық орталығының директоры Айгүл ШАЛБАЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир