|
05.01.2017 | 11:55
1549

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа хатшысы жұмысына кірісті

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа хатшысы жұмысына кірісті

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа хатшысы Антониу Гуттереш жұмысына кірісті. 10 жыл бойы ұйымды басқарған Пан Ги Мунның орнын Португалияның экс премьер-министрі басты. Гуттерешті бас хатшы етіп сайлауға өткен жылдың жазында ұсынған еді. 5 қазанда қауіпсіздік кеңесінің дауыс беруінде оның жеңіске жеткенін хабарлап, 13 қазан күні Бас Ассамблея португалдықты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орнына сайлады. Гуттерештің алғашқы жұмыс күні бейбіт жолда көз жұмғандарға гүл қою рәсімінен басталды. Жаңа орнанда Бас хатшы әскери қақтығыстардың болмауына және адам құқығының әлем елдеріне сақталуына баса мән беретінін жеткізді.  Антониу Гуттереш 1995-2002 жылдар аралығында Португалияның премьер-министрі болып, 2005-2015 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының босқын мәселесі жөніндегі жоғарғы комиссары ретінде  қызмет атқарған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир