Қорытынды жаңалықтар (05.07.2018) видео

Қорытынды жаңалықтар (05.07.2018) видео
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңалықтардан көретіндеріңіз:

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығын ресми түрде іске қосты

Елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығы ісске қосылды. Президенттің қатысуымен өткен салтанатты шараға түрлі саладағы шетелдік мамандар қатысты.  Бүгіннің өзінде Қазақстандағы өзгеше орталықта өз қызметін жүргізуге 50 компания қол қойған. Толығырақ тілші Нұржан Садырбай әңгімелеп береді.

Астананың 20 жылдығы: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 300-ден астам отбасы баспаналы болды

Астананың 20-жылдығы қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 300-ден астам қала тұрғынына пәтер кілті табысталды. Баспанаға қол жеткізгендердің кейбірі 10 жылдан астам уақыт үйлі болуды армандап жүрген екен.  

Елімізде сурдоонлайн бағдарламасы барлық мемлекеттік орталықтарда енгізілуде

Есту-сөйлеу қабілетінен айрылған мүгедек жандардың мемлекеттік қызмет түрлері мен қажетті ақпаратқа қол жеткізе алуы үшін отандық өнертапқыштар сурдоонлайн бағдарламасын ойлап тапқан. Әлемде баламасы жоқ аталмыш бағдарламасы қазір Алматы қаласының 15 емдеу мекемесінде, халыққа қызмет көрсету орталықтары, коммерциялық ұйымдар мен әуежай, сауда орталықтарында жұмыс істеп тұр.

Елімізде «7-20-25» бағдарламасымен пәтерлер беріле бастады

Қазақстандықтарды жаппай тұрғын үймен қамту үшін іске қосылған «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық несие берілді. Жаңа бағдарламамен көптен күткен пәтеріне Алматының 25 жастағы тұрғыны қол жеткізді. «7-20-25» пен үй алу расымен жеңіл ме және шарттары қандай? Толығырақ Айдана Шібікеева әңгімелеп береді.

Осы және өзге де жаңалықтарды мына жерден көріңіздер:


Новости партнеров