|
30.12.2017 | 01:00
3748

Құрметті алматылықтар жаңа жылдарыңызбен!

Құрметті алматылықтар жаңа жылдарыңызбен!


Құрметті көзі қырақты көрермен! 

2017 жылды артқа қалдырып, жаңа жылға аяқ басқалы жатырмыз.  Осы уақыт аралығында "Алматы" телеарнасының ұжымы халық пен билік арасындағы алтын көпір бола білді. Алып шаһардың тыныс-тіршілігі біздің арна назарынан бір сәтте тыс қалмады. Елдің мұңын бірге жоқтап, қараша халықпен бірге болды. Игі бастамалардың  мерейін арттырып, іскер азаматтардың мәртебесін бірге көтерді. Құлақпен естігенді емес, көзбен көргенді айтты. Әрқашан мұқым елдің мұң-мұқтажын, міңбердегілерге жеткізе білді.  Дегенмен, ескі жылға өкпе жоқ, келер жылдан күтеріміз көп. Біз Сіздерге 2018 жыл табысты, ырысты, берекелді жыл болсын деп тілейміз! Елімізде елеулі істер көп болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.  Жаңа 2018 жыл құтты болсын! Біздің арна ұжым дайындаған шағын бейнероликті тамашалаңыздар!

Келер Жаңа жылда да «Алматы» телеарнасы қазақ халқымен бірге!


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир