|
26.12.2016 | 11:00
1466

ҰҚК діни-экстремистік ұйымның 33 өкілін құрықтады

ҰҚК діни-экстремистік ұйымның 33 өкілін құрықтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 21 желтоқсан күні басталған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша арнайы операцияны аяқтады. Ішкі істер органдары бөлімшелерімен бірлесе діни алауыздықты қоздырды және аталған ұйымның іс-әрекетіне қатысты деген күдікпен барлығы 33 адам ұсталды.


«Ат-Такфир уаль-Хиджра» жақтаушыларының тұратын және жиналатын мекен-жайларында жүргізілген тексеріс барысында діни материалдар, компакт-дисктер, компьютерлік техника мен үлкен сомада ақша табылған. Тиісті сараптамалар тағайындалып, ұйымның 7 көшбасшысы мен белсенді қатысушылары қамауға алынды. Оның біреуіне ешқайда кетпеу туралы алдын алу шаралары қолданылды. Сондай-ақ 8 адамға келу туралы міндеттеме түріндегі шара жасалды. Енді ұйым қатарындағы 17 адам уақытша тергеуге куәгер ретінде тартылады. Ұсталған адамдардың көпшілігі мойындау түсініктерін беруге және тергеумен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниет білдірді. Олардан радикалдық идеология насихатталатын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар, қазақстандық ұяшықтардың іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған. Жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир