Техника мен технология дамыған заманда жаңа материал керек. Жаңа материал, жаңа элементтерден алынады. Қазақстанның жер қойнауында сол топқа жататын 24 элемент бар екенін геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Әділхан Байпатша айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
– Президент жаңа элементтерді зерттеңдер, өндіріске ұсыныңдар. Өндіріс оны пайдаланып дамысын деген тапсырма берді. Біз Президенттің айтқанын қолдаймыз. Мемлекет басшысы экономиканың жағдайына, ғалымдардың зерттеуіне, талап-тілектеріне сүйеніп осындай тапсырманы жүктеді. Екінші жағынан біз оны орындап шықсақ, экономикамыз дамиды, - дейді геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Әділхан Байпатша.
Оқи отырыңыз: Президент тапсырмасымен қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандар санын тұрақтандыру жөнінде комиссия құрылды