Түркі мемлекеттерінің Мемлекет басшылары басқосқан кездесудің өзі мәдени байланыс. Мемлекет басшысының бастамасымен Қытай мемлекеті арасындағы визалық режимнің ұзартылуы, елге келетін туристер санын арттырды. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін дәріптеуге мүмкіндік берілгенін ҚР Мемлекеттік орталық мұражай директоры Рашида Харипова айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
– Мемлекет басшысының салып берген сара жолын әрі қарай жалғастыру біздің негізгі мақсатымыз. Бұрын мемлекет ішіндегі ғылыми зерттеумен ғана айналыссақ, қазіргі уақытта Түркі мемлекеттерінің мамандарымен басқоса отырып, шетелдің мұражайындағы жинақталған мәдени мұрамыздың зерттелу бағытында қай мұрамыз қай музейдің қорында сақтаулы немесе оларды елге қайтару бағытындағы жұмыстарға да тікелей қолдау білдіріліп жатқаны біз үшін үлкен жетістік, - дейді ҚР Мемлекеттік орталық мұражай директоры Рашида Харипова.
Оқи отырыңыз: Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер біртіндеп жүзеге асып жатыр