|
25.11.2023 | 11:55
482

Президент бағдарламасы аясында 100 аурухана салынды

Президент бағдарламасы аясында 100 аурухана салынды Сурет: Аlmaty.tv

Мемлекет басшысының бір жылда атқарған іс-шарасының ішінде медицина саласы тыс қалған жоқ. Дәрігерлерге қолайлы жағдай жасалып, қажетті құрылғылар сатып алынғанын фтизиохирург дәрігер Абзал Малбасқанов айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгелі түрі пандемияларды бастан өткердік. Медицина саласына мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп келеді. Соңғы 4 жылдың ішінде озық зерттеу технологияларына қол жеткіздік. Ол - компьютерлік томографтар, түрлі ота жасайтын аппараттар сатып алынды. Жетекші мамандар тартылып, заманауи медициналық орталықтар салынды. Жас мамандарға жағдай жасалды. Президенттің бағдарламасында 100 аурухана, саламыз деді. Бұл өте дұрыс бастама. Ауыл тұрғындарына жағдай жасау деген сөз.Президент қойған мақсаттарға жету үшін заманымызға бейбіт,тыныштық өмір керек. Тоқаев мырза көшбастауға лайықты кісі деп ойлаймын. Бір жылдың ішінде қаншама жұмыс атқарды. Жаман болып жатқан жоқпыз. Қайта жақсылығымыз тасып, басшымызбен бізде өркендей берейік, - деді фтизиохирург дәрігер Абзал Малбасқанов.

Оқи отырыңыз: Жаңа Қазақстан ұран күйінде қалмауы керек - Хангелді Әбжанов


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир