Болат Әбділманов: «Оян қазақ!» сөзі әлі мәнін жойған жоқ

 Almaty.tv
Almaty.tv
Наурызбай ауданында желтоқсан құрбандарын еске алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік». Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында Наурызбай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен осындай тақырыпта жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шарада Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен зиялы қауым өкілдері бас қосты. Кездесу Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, патриоттық рух сезімін тереңдетуге бағытталған. Жиын барысында ұлы мұрат болған бостандыққа қалай қол жеткізілгені айтылып, қатысушылар естелігін бөлісті.  

– «Оян қазақ!» деген сөз әлі де мәнін жойған жоқ. Сондықтан халықпен жиі-жиі кездесу керек. Олардың рухын көтеретін кештер жалғасын табуы керек, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов.

– Қазақ елі Желтоқсан көтерілісінен кейін тәуелсіздік алды деп санаймыз. Құдайға шүкір, аспанымыз ашық! Ел іргесі сөгілмесін, – деді «Желтоқсан-Алматы» қоғамдық ұйымының төрағасы Жандыбай Серікбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Новости партнеров