|
07.07.2021 | 14:59
6405

Милан – Алматы тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Бұл туралы қала әкімі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді

Милан – Алматы тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін twitter.com/sagintayev_b

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Италияның Қазақстандағы елшісі П. Д 'Авино бастаған итальяндық іскер топ, туроператор өкілдері мен Neos әуекомпаниясы басшылығының делегациясымен Милан – Алматы тікелей әуе рейсін ашу, туристік әлеуетті дамыту мен бизнес байланысты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.  

«Италияның Қазақстандағы елшісі П. Д 'Авино бастаған итальяндық іскер топ, туроператор өкілдері мен Neos әуекомпаниясы басшылығының делегациясын қабылдадым. Милан – Алматы тікелей әуе рейсін ашу, туристік әлеуетті дамыту мен бизнес байланысты кеңейту мәселелерін талқыладық», – деп жазады әкім.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир