|
04.07.2020 | 15:17
3506

Бүгін түнгі 00:00-ден бастап Алматыда күшейтілген шектеу шаралары енгізіледі

Бұл жөнінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтып берді

Бүгін түнгі 00:00-ден бастап  Алматыда күшейтілген шектеу шаралары енгізіледі открытые источники

Бүгін яғни түнгі 00:00-ден бастап, Алматыда күшейтілген шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мақсат – эпид-ахуалды тұрақтандыру. Бұл жолы қала іші мен облысқа шығар аумақта ешқандай блок-бекеттер қойылмайды. Тек бірнеше нысандардың жұмысына шектеу енгізілмек. Ал, қоғамдық көлік, метро сенбі және жексенбі күні жұмысын толық тоқтатады. Әдеттегі жұмыс күндері 50% - дан аспайтын жолаушылармен қатынайтын болады. Транспорттарды дезинфекциялау жұмыстары бұрын күн сайын жүргізілсе, енді әр айналым сайын жасалатын болды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев фейсбуктегі парақшасында тұрғындарға күшейтілген карантин режиміне сәйкес, жазба жариялады. Онда денсаулық сақтау жүйесіндегі материалдық техникалық базаның күшейтілетіні, провизорлық және қарантиндік орталықтардың кеңейтіліп, оған  мамандардың дайындалып жатқаны жазылған. Одан бөлек шектеу шаралары сақталғанша, ашық аспан астындағы дәмханаларда тамақтануға рұқсат. Сондай-ақ, саябақтарда  жаттығу жасауға, көлік жууға, оны техникалық жөндеуден өткізуге мүмкіндік беріледі. Ашық базарлар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері жұмысын жалғасытар бермек. Бірақ көшеде жүретіндер үш адамнан артық жиналмауы тиіс. Халыққа қызмет көрсету орындары кешкі 4-ке дейін, ал «Қазпочта» қызметі жұмыс күндері тек түскі сағат 2-ге дейін жұмыс істейді. Құрылыс алаңдары мен кәсіпорындар да күндегі жұмысын  тоқтатпайды.  Басты талап - санитарлық тәртіпті қатаң сақтау. Сол себепті, бірқатар бизнес нысандарының жұмысына шектеу қойылды.

«Ойын-сауық мекемелері, кинотеатрлар, караоке, бильярд, аттракциондар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, жабық азық-түлік базарлары және азық-түлік емес базарлар жұмысын тоқтатады. Мәдениет нысандары, көрмелер, мұражайлар және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылады. Діни нысандар, мешіттер, шіркеулер жұмысы тоқтатылады. Үйірмелер, секциялар, бассейндер, СПА орталықтары, салондар, шаштараздар, жаттығу залдары, фитнес орталықтары, қалалық қоғамдық жағажайлар, қоғамдық моншалар, массаж кабинеттері жұмысын тоқтатады», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев

Одан бөлек, жасы 65-тен асқан азаматтардың көшеде жүріп-тұруына тиым салынады. Сондай-ақ, тұрғындарға туған күн, той және басқа да салтанатты жиындарды уақытша ұмытуға тура келеді. Ал, жұмыс орындары пен қоғамдық жерлерде маска тағып әлеуметтік қашықтық сақтау қатаң бақыланатын болады.

Қала тұрғындарына эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажет:

 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеулер енгізіледі;

– адамдар көп шоғырланатын жиындар (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, астар және т. б.);

– жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маска тағу және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау бақыланады.

Бұрын қала бойынша жыл сайын дене қызуын өлшейтін термометрдің шамамен 30 мың данасы ғана сатылса, қазір бір аптаның ішінде 100 мың құрал саудаланған. Бірақ, ешқандай тапшылық болмайды дейді, билік өкілдері. Халықтың зор сұранысына ие болып жатқан дәрі-дәрмектер де қол жетімді болмақ. Бүгінде қала аумағында 900 дәріхана жұмыс істеп тұр. Шетелдік компаниялармен жасалған меморандум аясында ең ірі деп саналатын 100 дәріхана таңдалып алынған. Жақын күндері олардың бәрі де қажетті дәрілермен қамтылады.

«Қазір халыққа әлеуметтік маңызды деген 41 дәрілер түрі белгіленді және градусник. Осылар бойынша қазір күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазір қаладағы дәріханалар мен қоймалардағы бар дәрілердің есебі шығарылды. Қазіргі таңда жеткілікті дәрілер. Ол жерде де әр дәрінің түрін ескере отырып, бір сатып алушыға шектеулер қойылды», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев

Қазір қала бойынша эпид-ахуал мәз емес. Вирустың қауіпті және оның зардабының ауыр екенін көпшілік әлі түсінбеген сыңайлы дейді мамандар. Себебі, саябақтарда тұрғындардың көбі бейқамдық танытады.  

БЛИЦ:

–  Тек сауда орындарына кіргенде ғана тағамыз, былай сыртта жүргенде тағудын қажеті жоқ деп ойлаймын.

–  Бетпердем өзіммен бірге. Негізі үйден шықпай қорғанамын, қазір бір жұмыстарыммен сыртқа шығып едім.

–  Бетпердем жыртылып қалды, сатып алу керек. Карантин шараларын 50\50 сақтаймын, вирустан қорықпаймын.

Алдағы екі аптада Алматыдағы жұмыс орындарының ⅔- бөлігі қызметін жалғастыра береді. Бұл ретте басымдық негізінен қызмет көрсету, сауда, өндіріс, құрылыс және өндіріс ошақтарына берілген.

– Мегаполюс көшелерінде бүгін қозғалыс бәсеңдеп қалған. Ертеңнен бастап, қала күшейтілген карантин шараларына көшеді. Тұрғындарға аса қажет жағдайда  ғана болмаса үйлерінен шықпауға кеңес беріледі. Шектеу шаралары 20 шілдеге дейін белгіленді. Алайда жағдайға ол мерзім ұзартылуы да әбден мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир