|
27.12.2023 | 16:29
1779

Баум тоғайын құтқару үшін апатты ағаштарды санитарлық кесу қажет – сарапшы

Тоғайдағы ағаштардың 6560 данасы апатты деп танылды

Баум тоғайын құтқару үшін апатты ағаштарды санитарлық кесу қажет – сарапшы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Талғат Кертешев 2021 жылы басталған Баум тоғайы аумағындағы зерттеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Зерттеу қорытындысы бойынша жарамсыз және апатты ағаштардың 6560 данасы және қураған ағаштардың 1713 данасы тіркелді.

- Егер Баум тоғайындағы жасыл екпелердің құрамы туралы айтатын болсақ, онда жапырақты ағаштар 95%, қылқан жапырақтылардың 0,5% және өзге де бұта зерттелді. Зерттеу барысында көшеттердің үлесі 0,5%, орта жастағылардың 5%, жетіліп келе жатқан өсінділердің 35-38%, жетілген екпелердің 54% құрайтынын анықтадық. Екпелердің көпшілігі ескі, әлсіреген, кеуіп, құрғап кеткен әрі тозығы жеткен, апатты күйде, - деп түсіндірді профессор.

Ғалымның айтуынша табиғат ескерткішін басқару ісінде жасыл желектерді сауықтыруға бағытталған жүйелі тәсіл қажет. Баум тоғайында діңгегі шіріген ағаштарды кесу керек. Ондай 3,5 мың бірлік ағаш бар. Екпелерге ауру жұқтыратын да солар. Рекреациялық және эстетикалық құндылықты ескере отырып, аумақты ландшафттық бағалау қажет: Баум тоғайында ландшафттың барлық үш түрі болуы керек.

- Қазір Баум тоғайын сауықтыруымыз қажет. Бұрын мұнда табиғат ескерткіші құрылды және ештеңе жасай алмадық. Бірақ 100 жыл немесе одан да көп уақыт өткенде, тұжырымдаманы өзгертуіміз керек. Ал тұжырымдамада  қала тұрғындарының демалуы, тоғайды сауықтыру көрініс  табуы тиіс. «Міне, сау орман кесіліп жатыр» деп байбалам салатындар да бар. Ешкім сау орманды кеспейді. Мұндағы сау ағаштар небәрі 48%  құрайды, қалғаны зақымданған, ауырған, шіріген өсімдік. Оларды алып тастау керек, өйткені ауру қоздыратындар - осылар. Кепкен әрі қураған ағаштар үнемі назарда болуы тиіс. Саябақ қызметкерлері де, ғылыми мекемелер де әрбір ағаштың жағдайын бағалау үшін уақтылы іс-шара қабылдайды, - деп түйіндеді сөзін Талғат Кертешев.

Оқи отырыңыз: Профессор - Баум тоғайында тек апатты ағаштар кесіледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир