Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарын алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Мониторинг барысында сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру қағидаларына сәйкес келмейтін, заңсыз орнатылған құрылымдар анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сыртқы жарнама нысандарын белгіленген талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мониторинг барысында сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру қағидаларына сәйкес келмейтін, заңсыз орнатылған құрылымдар анықталады. Мұндай нысандардың иелеріне заң бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі. Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда жарнама құрылымдары алынып тасталады.

«Қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп, көшелердің көркін бұзатын, сондай-ақ жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтіретін нысандарға баса назар аударылады. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да күшейтіледі», – деді басқарма өкілдері.