Референдумға дейін:
17
күн
22
сағат
8
минут

Вегетациялық кезең: Үкімет су тұтыну лимиттерін бекітті

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Осы жылы 394 гидротехникалық құрылысжайды жөндеу жоспарлануда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы вегетациялық кезеңге дайындықтың кешенді жоспарын ұсынды. Үкімет отырысында оңтүстік өңірлердегі диқандардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, басқарудың цифрлық құралдарын енгізу және ирригациялық жүйелерді жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Нұржан Нұржігітов баяндады, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік маусымға дайындық шеңберінде оңтүстік облыстардағы негізгі су қоймаларын толтыру жұмыстарын жүргізуде, бүгінде онда 23,4 млрд текше метр су жиналды. Вегитациялық кезеңді тиімді өткізу үшін еліміздің 5 өңірінде су пайдалану лимиттері белгіленді: Түркістан облысы – 3,8 текше километр, Қызылорда облысы – 3,2 текше километр, Алматы облысы – 2,1 текше километр, Жетісу облысы – 1,8 текше километр, Жамбыл облысы – 1,2 текше километр. Инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

Осы жылы 394 гидротехникалық құрылысжайды жөндеу және 2,2 мың шақырымнан астам каналды тазалау жоспарлануда. Жаңа жобалар бойынша да жұмыстар жүруде. Инвестиция тарту есебінен Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы басталды, сондай-ақ Көксарай контрреттегішін реконструкциялау және оңтүстіктің бес облысында 103 каналды автоматтандыру жүзеге асырылуда.

"Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде соңғы 2 айда су жинау динамикасы артып, қосымша 1,5 млрд текше метр көлемінде өсім қамтамасыз етілді. Өзен бассейндеріндегі ахуалға тұрақты мониторинг жүргізілуде, дәл қазіргі басты міндет – бекітілген лимиттерді қатаң сақтау және су үнемдеу технологияларына көшу", — деді Нұржан Нұржігітов.

Оқи отырыңыз: Егіс науқанына дайындық: фермерлер үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді

 

Новости партнеров