Денсаулық сақтау министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

kaztag
kaztag
Біз коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа толқыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы 4,8 мың науқас коронавирус және пневмониядан (ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен) ауруханада емделіп жатыр. Бүгінде жағдай тұрақты. Көрші елдерде, әсіресе Еуропа аумағында, әрі ТМД-да ауру өсімі байқалады. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстау керек. Біз көрсеткіштердің жақсы болуына қарамастан төсек-орын қорын құрып, дәрілерді сатып алып, жеке қорғаныс құралдары, маскамен қамтамасыз етіп жатырмыз. Біз коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Ауру өсімінің 30 пайызы маска тағуға және әлеуметтік қашықты сақтауға байланысты екенін бірнеше рет айтқанбыз. Амал не, біздің тұрғындар маска тағып жүрген жоқ. Әсіресе, мұндай жағдайды адам көп жиналған орындардан байқауға болады. Біз осы талапты орындауға шақырымыз. Біз бұл толқынның болатынына және болмайтынына өзіміз әсер ете аламыз»,– дейді Цой.

Сондай-ақ, министр әрбір адам коронавирустың таралмауына өз үлесін қоса алатынын атап өтті.

«Бүгінде екінші толқынға дайындық және профилактикалық түсіндіру жұмыстары денсаулық сақтау жүйесіне байланысты. Ал қалғаны әрқайсымызға байланысты»,– деді ол.

Новости партнеров