|
16.04.2021 | 13:22
4172

Алматының Медеу ауданында тұрғындардың 44%-дан астамы екпе алды

Медеу ауданында 29 вакцинация пункті ашылды

Алматының Медеу ауданында тұрғындардың 44%-дан астамы екпе алды

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина жасауға болатын көптеген пункттер пайда болуда, мысалы, сауда-ойын-сауық орталығына, «Көк базарға» немесе ГУМ-ға барған кезде екпе салдыруға болады. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев екпені ыңғайлы уақытта және қолайлы жерде қалай жасау керекгі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикер Медеу ауданында вакцинациялануы тиіс 108 081 адам тиіс екенін айтты.

«Аудандық емханаларға барлығы 20 210 доза вакцина жеткізілді. Бүгінгі таңда 15493 адам екпе алды, оның ішінде медицина қызметкерлері – 1456 адам, педагогтар – 1568 адам, полицейлер – 1107 адам, студенттер – 109 адам, мемлекеттік қызметкерлер – 218 адам, созылмалы аурулары бар адамдар – 684 адам, ауданның басқа тұрғындары – 10351 адам», – деп хабарлады Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.

Спикер жүргізілген талдаудың қорытындылары туралы айтып берді. А. Нұрлыбаевтың айтуынша, 18-45 жас аралығындағы азаматтар арасында вакцинацияланғандардың ең көбі – 44, 2%, 46-65 жас аралығындағы аудан тұрғындарының 37% - на, 65 жастан асқандардың 18,7% - ы егілген.

Медеу ауданында 29 вакцинация пункті ашылды. Айдос Нұрлыбаев егу пункттерінің орналасқан жерін атап өтті. Олар: № 1, 2, 5 емханалар, «Алатау» қалалық ауруханасы, Медеу ауданының МСАК орталығы,Республика сарайы, «ГУМ» СО, «Көк базар» әмбебап базары, №17 жалпы білім беретін мектеп-интернат , ҚазҰПУ-дың №1 жатақханасы, № 98 мектеп, «Dostyk plaza» СОО, Кеңсай ықшам ауданындағы ФАП, Көлсай ықшам ауданындағы ФАП, №168 мектеп, №47 мектеп, №4 мектеп-гимназия, «Думан» дәрігерлік амбулаториясы.

Сондай-ақ, вакцинациялауға ниет білдірушілер саны артқан жағдайда қосымша 5 резервтік пункт бар: «Helmir hospital» клиникасында, «Interteach» медициналық орталығында, №99 мектепте, «Open clinic» медициналық орталығында және «Ramstore all in» көпфункционалды кешенінде.

Айдос Нұрлыбаевтың айтуынша, барлық пункттер вакцинаны  сақтау үшін қажетті төмен температуралы тоңазытқыш жабдығымен (минус -20°С) жабдықталған. Сонымен қатар, Медеу ауданының СЭҚ-мпен бірлесіп, екпе жүргізуге қойылатын барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілді.

Медеу ауданы әкімінің орынбасары Алматының ірі кәсіпорындарындағы вакцинациялау туралы айтып берді. Осы мақсатта сол жерге барып екпе жүргізетін  медициналық бригада ұйымдастырылды, онда 9 мыңнан астам маман 7 ұйымның мамандарын вакцинациялайды.

Бұдан басқа, сауда үйлерінің, СОО, «Көк базар» ұжымдары егіледі. Барлығы 14 мыңнан астам адамнан тұратын 23 ұжым.

Мысалы,  тек «Рахат» фабрикасының өзінде 2969 қызметкер, «Dostyk Plaza» СОО-да 1500 адам, «Рамстор» СО-да 1336 адам екпе алуға ниет білдірген.

 Айдос Нұрлыбаев алматылықтарды вакциналау  процедурасын кешіктірмеуге шақырады, өйткені ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру өте маңызды. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін ондаған егу пункттері құрылды. Вакциналауға  бұрынғыдай дәстүрлі тәсілмен, емханаға немесе E-Gov порталы немесе E-Gov mobile қосымшасы арқылы мобильді жолмен жазылуға болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир