|
05.04.2021 | 18:24
911

Әзірге локдаун енгізілмейді – Жандарбек Бекшин

Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде эпидемиологиялық бағалау жүйесі енгізілді

Әзірге локдаун енгізілмейді – Жандарбек Бекшин total.kz

Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде эпидемиологиялық бағалау жүйесі енгізілді. Демек, бұдан былай барлық факторларды ескере отырып, апта сайын енгізілетін шектеу және рұқсат беру шараларына бағалау жүргізіледі. Бұл туралы онлайн брифингте қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа халықаралық әдіс індетке шалдыққандардың инфекцияны қайдан жұқтырғандарын талдауға мүмкіндік береді. Олардың үй ошағы, жұмыс орны бойынша байланысы, әуе жолаушылардың инфекция әкелуі, жұқтыруы ықтимал орындар талданып, бағаланады. Соның нәтижесінде кей шаралар қатаңдатылып, тиімсізі мүлде жойылады.

«Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастар базарда, дүкенде, не автобуста, метромен жүрген кезде жұқтырғанмын деп өзі айтады. Маска тақпаймын, тойда бетпердесіз болдым. Нашар желдеткіш болды, 5-6 сағат бір орында отырдық деген көптеген түсініктемелері бар. Соның бәрін талдап, реттейміз», – деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин, сондай-ақ, қаланың жабылуына қатысты пікірін білдірді. Ахуалдың күрделенгеніне қарамастан, қыстан бері жасаған дайындығымыз қазіргі жағдайдан өтуге мүмкіндік береді деді ол. Бос төсек-орын саны 44,9 пайыз, яғни 2 520 орын. Ал жансақтау бөліміндегі төсек-орындардың 62 пайызы бос. Жағдай Қоғамдық денсаулық ұйымының бақылауында деді.

«Алаңдататын проблема жоқ. Себебі бәрі ауруханаға дер кезінде жатқызылып жатыр. Олардың саны 250-270 шамасында, 500-ге жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі таңда локдаун, қаланы жабу деген әңгіме жоқ», – деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир