|
03.08.2020 | 19:29
4382

Түркияның микробиолог дәрігері алматылық инфекционист-дәрігерлерге шеберлік сағатын өткізді

Білікті дәрігер Дженгиз Узун Алматыға өз тәжірбиесін бөлісуге арнайы келді

Түркияның микробиолог дәрігері алматылық инфекционист-дәрігерлерге шеберлік сағатын өткізді

Түркияның білікті дәрігері Дженгиз Узун Алматыға өз тәжірбиесін бөлісуге арнайы келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медицина ғылымының докторы, клиникалық микробиолог маман «Covid-19 терапиясы мен емдеудегі заманауи тәсілдер» тақырыбында қаланың инфекционист-дәрігерлері үшін шеберлік сағатын өткізді. Мақсат – қазақстандық әріптестермен вирустан емдеу үлгісімен бөлісу, тәжірбие алмасу. Бірескен іс-қимылдар қауіпті індетпен күресте оң нәтиже береді деп күтілуде. Осылайша бауырлас екі ел арасындағы іс шара тәжірибе алмасудың тамаша алаңына айналды.

«Өздеріңіз білетіндей, Түркия пандемия уақытының күрделі кезеңін бастан өткерді. Бірақ біздің білікті дәрігерлер дер кезінде вирусқа қарсы шараларды қабылдады. Содан болар, қазір біздегі эпид-ахуал кезең-кезеңімен тұрақталып келеді. Осы шеберлік-сынып аясында біз өзімізде қолданған әдістермен бөлістік. Бауырлас елдер арасындағы мұндай игі жобаны ұтымды болды деп айтар едім», – деді Стамбул емханасының вирустық ауруды зерттеу және емдеу ісінің жетекшісі Дженгиз Узун.

«Бүгінгі іс шараның мақсаты  – Түркиядан келген дәрігермен екі ел арасындағы емдік шаралардың бірге өткізілуі. Мастер-кластан кейін біз ойлаймыз ковидқа қарсы профилактикалық ем шаралардың жақсы әдістері қалады деп ойламыз», – деді терапевт-дәрігер Айдос Сыйқымбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир