|
12.01.2021 | 23:42
2260

Коронавирустың жаңа штаммы қаншалықты қауіпті – эпидемиолог Сәкен Әміреев айтып берді

Коронавирустың жаңа штаммы әлемнің 41 еліне тарап үлгерген

Коронавирустың жаңа штаммы қаншалықты қауіпті – эпидемиолог Сәкен Әміреев айтып берді

Ұлыбританиядан шыққан коронавирустың жаңа штаммы әлемнің 41 еліне тарап үлгерген. Тіпті, көршілес Ресейде де тіркеліп отыр. Дүние жүзін үрейлендірген вирустың бұл түрі несімен қауіпті? Бұл туралы дәл қазір бізбен Almaty.tv тікелей эфиріне байланысқа шыққан  Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің профессоры, эпидемиолог Сәкен Әміреев айтып береді.

– Қайырлы кеш, Сәкен Әміреұлы! Қазір бүкіл әлем британдық штаммнан қатты қорқып отыр. Мұның бұған дейінгі вирустан не өзгешелігі бар?

– Бұл сұрағыңызға мен былай деп жауап берер едім. Мына вирустың өзінің тек өзгергіштік қасиеті бар. Енді қазір британдық штамм деп отырғанымыз да бұрынғыдан да тез өзгергіштік қасиеті барында. Енді біздің елде жоқ болғандықтан, нақты солай екенін дөп басып айта алмаймыз. Оны болашақ көрсетеді.

– Иә, дұрыс айтасыз. Бұл штамм қуанышқа орай елімізде жоқ. Сіздер әлем ғалымдарымен байланысып отырған шығарсыздар. Қауіптілігі неде сонда?

– Бұл штамм енді жалпы қазір таралуы бойынша 2 күн бұрын 41 елде тіркелген деп айтылған болатын. Бүгінгі ақпарат бойынша саны 50-ден асып кеткен. Сондықтан  бұл вирустың тез таралғыш дегені шынымен де рас болып шықты. Бірақ біздің елде ондай оқиға тіркелген жоқ. Десе де біз оның барлығын қадағалап отырмыз. Мүмкін бізге де келіп қалуы мүмкін. Осыны енді болдырмау үшін қазір көптеген елдер өздерінің қарым-қатынастарын, барып-келу дегенді қатаң тоқтатуға тура келді.  

– Ал, британдық штаммның симптомдары қандай? Жалпы қалай қорғану керек, қандай да бір іс әрекет жасауы керек пе елдің?

– Мұның қауіптілігі – тез жұққыш болуында. Өйткені тез деген сөз ол адамның ағзасына жылдам еніп кетеді де, ең қатты жарақаттайтыны – адамның өкпесі. Өкпедегі ареола жасушаларына барып, оны жарақаттағандықтан, ареолалар жұмыс істемей қалады. Тыныс алу процесі бұзылады, кейін тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болады. Кейде басқа да ағзаларға, мәселен, бүйрек, бауырға тиіп, тіпті миға да шауып кетуі мүмкін. Осылай адамдар өліп кетуі де мүмкін. Сондықтан бұл вирустың осындай қасиеттері толық зерттеліп болған жоқ. Бірақ күнде-күнде бізге бір тосын сый дайын тұрады ғой. Бәрінің алдын алу шаралары жасалып, қазір әлемде 98 түрлі вакцина шығарылыпты. Соның ішінде біз де шығардық ондай вакцина. Осы вакцинамен біз алдын ала егіп қойсақ, бұл сол аурудан сақтанудың ең тиімді жолы болмақ. Басқа ешқандай тиімді жолы әзірге жоқ. Емдейтін дәрілердің өзі де шамалы, бірең-сараң ғана. Оның да тиімділігі әлі зерттеліп жатыр. Сондықтан біздің қолымызға вакцина тисе, халқымызға, әсіресе, оның ішінде медицина қызметкерлеріне жасау керек. Ресей мемлекеті де көптеген халық топтарының барлығына жасап жатыр. Енді олардың өздері қолдарынан жасаған вакцинасы болғандықтан, олардың қаражаты да бар, вакцинаны шығаратын өндірістік орындары да көп. Осындай әрекеттер жасалып жатыр.

– Жақсы, уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға алғыс білідреміз. Бізбен тікелей байланысқа шыққан Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің профессоры, эпидемиолог Сәкен Әміреев болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир