Өскеменде колледждің 10 студенті ауруханаға түсті

nur.kz/Петр Карандашов
nur.kz/Петр Карандашов
Барлығына тамақтан улану диагнозы қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемендегі колледждердің бірінде студенттер жаппай ауруханаға түсті. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Yk-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, 10 қазанда "Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі" КММ-ның 1-курста оқитын 10 студенті жедел жәрдем көлігімен қаладағы Ана мен бала орталығына жеткізілген. 10 студенттің барлығына тамақтан улану диагнозы қойылған. Тексеруден кейін олар амбулаторлық ем алуға жіберілген. Сондай-ақ басылым мәліметінше, 11 қазанда колледж студенттері қашықтықтан оқытуға көшіріліп, асхананы жалға алушы зертханалық тексерудің қортындысы белгілі болғанға дейін жұмысын тоқтатқан. ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің хабарлауынша, мамандар азық-түлік пен судың құрамын зерттеу үшін сынама алған, бірақ әзірге қорытындысы дайын емес.

 -  Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі ( Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқи отырыңыз: Павлодарда мектеп асханасының тамағынан құрт шықты

Новости партнеров