|
05.04.2022 | 09:21
875

«Жүздеген науқасты емдеген»: Ажар Ғиният Алматыдағы дәрігердің өліміне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірледі

«Жүздеген науқасты емдеген»: Ажар Ғиният Алматыдағы дәрігердің өліміне қатысты пікір білдірді Giniyat Azhar/facebook

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ажар Ғиният өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Қазақстанның медицина жұртшылығы Алматы қаласындағы гастроэнтерология институтында көп жылдар бойы қызмет атқарған белгілі гастроэнтеролог - дәрігер Юрий Петрович Шумковтың өлтірілгені туралы хабарды естіп қатты алаңдауда. Жеке өз атымнан және денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан қайғылы қазаға ұшыраған дәрігердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиға республиканың денсаулық сақтау саласы үшін жантүршігерлік аса ауыр қайғы болып отыр, бейбіт уақытта дәрігерлерге жауыздық танытқан, өз іс-әрекеттеріне жауап бермейтін адамның қолынан қаза тапты. Отандық медицина гастроэнтерологияның дамуына зор үлес қосқан, жүздеген пациентті жоғары медициналық білімінің арқасында емдеп, өмірін сақтап қалған аса білікті маманынан айырылды. Үш бала жетім қалған, ал қарт ата-анасы ұлынан айырылған қаза тапқан дәрігердің отбасы үшін қайғылы оқиғаның аса ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деп жазды министр. 

Ажар Ғиният аталған іс бойынша тергеу амалдарының жан-жақты өтіп, қайғылы оқиғаға кінәлілерді заңның барлық қатаң талабы бойынша жазалайды деген сенім білдірді. 

«Әрбір осындай инцидент бүгінде заңнамалық тетіктердің көмегімен медицина қызметкерлерінің құқықтарын сенімді қорғауды қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығы үшін қорықпай қауіпсіз еңбек етуіне кепілдік беретін құқықтық нормаларды қабылдау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірледі. Жақын арада ол парламенттің қарауына енгізілетін болады», – деп жазды ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир