|
22.08.2024 | 09:38
83

Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула дәрі табылды – ҰҚК

Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді

Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула дәрі табылды – ҰҚК Фото: ҰҚК

2024 жылғы 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды», - делінген хабарламада.

Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Оқи отырыңыз: Дженнифер Лопес Бен Аффлекпен ажырасуға өтініш берді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир