Көк-Төбеде ағаштарды өртеген күдікті іздестіріліп жатыр
Depositphotos.com
Желіде белгісіз азаматтың жанып тұрған оттың қасында тұрған видеосы тараған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы полициясы Көк-Төбеде ағаштарды өртеген күдікті адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Естеріңізге сала кетейік, желіде белгісіз азаматтың жанып тұрған оттың қасында тұрған видеосы тараған еді. Оны көрген халық өртті қасақана жаққан болуы мүмкін деп топшылады. Қазір бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы назарына алды. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын жаппай тексеруге кіріскен.
Кеше Алматыда екі жерде өрт болды. Алдымен Кеңсай шағын ауданындағы тау бөктерінде құрғақ шөп жанса, артынша қызыл жалын Көктөбеде де тұтанған. Аумақта 3 гектар жер өртеніп, оны сөндіруге 130-дан аса адам жұмылды. Бастысы, зардап шеккендер жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32