Түркістан облысы Келес ауданында жүкті әйел өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 25 жастағы екі баланың анасы жеті ай мерзімінде жүкті болған.
Ведомство әйелдің өзіне қол жұмсау себебін хабарлаған жоқ. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Мәйіттің бойынан зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Келес аудандық полиция бөлімі әйелдің туыстарымен кездесіп, тергеу заң аясында жүргізіліп жатқанын, қосымша арыздар болған жағдайда қабылданатынын атап өтті", - деді Түркістан облысытық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Гүлнар Абдурахманова.
Қоғам белсенділері әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық кесірінен мұндай қадамға барды деп болжап отыр.
Аталған факт суицидке жеткізу бабы бойынша тергеліп жатыр.
Дереккөз: Sputnik