Алматы полициясы ұрланған телефондарды сататын халықаралық арнаны тоқтатты. Бішкекте ұрланған ұялы телефондардың іздері табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл ұрланған ұялы телефондарды сатып алуға және одан әрі сатуға қатысы бар адамды әшкерелеу бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шара жүргізді.
Күдіктінің өз жоспары болды. П есімді азамат өзінің қырғызстандық әріптесімен бірге әрекет еткен. Біздің отандасымыз оған Алматыда ұрланған ұялы телефондарды жіберген, оның орнына Бішкек тұрғындарынан ұрланған гаджеттерді алған. Қазір күдікті қамауға алынды. Ол өз іс-әрекетін мойындады. Қырғызстан Республикасының астанасына жөнелтілген жедел уәкілдер қаламызда ұрланған түрлі үлгідегі 246 мобильді құрылғыны қайтарып алып келді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Қайтарылған ұялы телефондарды анықтау басқармасының қызметкерлері Алматыда тергеліп жатқан қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Ұялы телефондардың бір бөлігі өз иесіне қайтарылды.
«13 сәуірде телефонды ұрлап кетті. Полиция департаментіне барып, арыз жаздым. Кеше маған телефон соғып, телефонымның табылғанын айтты. Маған оны бүгін қайтарып берді. Біздің полицияға алғыс айтқым келеді.
– Шынымды айтсам, телефон табылады деп ойламадым. Қоғамдық орында ұялы телефоным ұрланды. Бір-екі күн бұрын ПД-нен телефон соғып, телефонның табылғанын айтты. Полиция департаментіне рахмет.
- Менің телефонымды төрт ай бұрын ұрлап кетті. Көбісі телефонымның табылмайтындығын айтты. Алайда Алматы қаласының полициясы оны тауып, маған тосын сый жасады. Мен сіздерге алғысымды білдіремін», - делінген хабарламада.