Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агентігімен ҚР ҚК-нің 286-б. 4-б. бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, қызметкерлердің халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде ҚМА-нің Астана қаласы бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ-ның Қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Швециядан келген салмағы – 479,94 г., «гашиш» есірткі заты бар қорап табылды. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-б. тәртібінде ұсталып, УҰИ-на қамалды. ҚПК-нің 201-б. талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды,- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Еске сала кетейік, ҚМА мен «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Құжат елдегі қаржылық қылмыстармен күресу шараларын күшейтуге және пошта жөнелтілімдері арқылы қаржылық операциялардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда ер адамның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды