|
23.11.2022 | 13:11
3311

Юрий Ильин: Ленин шахтасындағы жағдайға 100 пайыз басшылық кінәлі

Штатта жер асты электр мамандары да болмаған

Юрий Ильин: Ленин шахтасындағы жағдайға 100 пайыз басшылық кінәлі  ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада бес кеншінің өмірін қиған апаттың себебін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апат бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газ бен көмір шаңының көп мөлшерде шығуына байланысты кенеттен газдинамикалық құбылыс нәтижесінде пайда болды. Негізгі себеп – метанның шаңмен бірге көп мөлшерде шығуынан №79 пикет аймағындағы бұрғылау станогындағы бұрғылау штангасының металл бекіткіштерінің элементтеріне үйкелуі салдарынан ұшқын пайда болып, жарылыс орын алған», - деді министр.

Сондай-ақ ол қауіпті учаскедегі метан шығуын болжау қызметінің штатында тау-кен мамандары болмағанын, іс жүзінде 13 адам болғанын, ал ненізінде 25 адам болуы керек екенін айтты.

Штатта жер асты электр мамандары да болмағанын, талапқа сәйкес 25 адамның орнында іс жүзінде 16 адам болғанын мәлімдеді.

"Жұмысшылардың кінәсі 0%, жұмыс берушінің кінәсі 100% болды", - деді Ильин

3 қарашада түнгі сағат 3.03-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында метан газы жарылғанын еске салайық. Апат кезінде шахтада, жер астында 106 адам болған. 101 адам эвакуацияланды, бес адам қайтыс болды, төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир