|
14.04.2023 | 13:26
1567

Ұлытауда әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың қаражатын ұрлаған

Ол тергеуге кедергі келтіріп, қылмысын жасыруға тырысқан

Ұлытауда әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың қаражатын ұрлаған aktobeinfo.kz

Ұлытау облысында зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың қаражатын ұрлаумен айналысқан әлеуметтік мекеме қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің мамандары күдіктілердің үйін тінту кезінде қариялардың 799 мың теңге көлемінде зейнетақы төлемін, оларға тиесілі банк картасын анықтаған. Сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекетін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленген. Мекеменің басшысы тергеуге кедергі келтіріп, қылмысын жасыруға тырысқан. Тіпті айғақ болатын заттарды жойып жібермекке әрекеттеніпті. Күдікті ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды. Еске салайық, бұдан бұрын ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Qamqor» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында Абай қаласы қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар», – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі  Әлібек Әбділов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир