Еліміздің ІІМ «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері Динара Смайыловаға, яғни Дина Таңсәріге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғу фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр. Оның ішінде алаяқтық бойынша 2 іс бар.
– Смайылованың көптеген жарияланымы шындыққа жанаспайды, себебі олар тергеумен расталмаған. Оның жалған хабарларына қатысты құқығы бұзылған азаматтар шағым түсірді. Тергеу мен жүргізілген сот сараптамалары көрсеткендей «НеМолчиKZ» қорының басшысы тек өзінің субъективті пікіріне сүйене отырып, айыптау басылымдарын жазған, – деді ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Аисов.
Оқи отырыңыз: Нақты айғақ жоқ: жасөспірімге қатысты іс қайта қаралады