БҚО-да полицей 15 млн теңгенің малын ұрлады деген күдікпен ұсталды
Аlmaty.tv
Қазір тәртіп сақшысының сыбайластарының кім екені анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысы 15 миллион теңгенің малын ұрлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір полиция қызметкерінің қанша малды қолды қылғаны және оның сыбайластарының кім екені анықталып жатыр. Әзірге 10 шақты адамнан 50 ірі қараның ұрланғаны туралы арыз түскен. Олардың барлығы – күдіктінің ауылдастары.
«Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33