|
13.12.2022 | 14:40
5438

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Сот отырысының уақыты мен күні тағайындалмады

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды Сурет: Facebook/Мейржан Туребаев, Instagram/make_sakevich

Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомствоның хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы қаржы пирамидасын құру және оны басқару дерегіне қатысы бар 12 азаматқа айып тағылған. Сондай-ақ 41 жылжымайтын мүлік пен 3 автокөлікке, 9 банк шоты мен 16 компанияның капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынған. Ал іс фигуранттары Әділет Ораз бен Әзімжан Саидбаев әлі халықаралық іздеуде.

«Қылмыстық іс Алматы қаласы, Алмалы ауданы сотына келіп түсті. Аталмыш 12 азамат, соның ішінде әйгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейіржан Шерниязов та бар. Олар ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігінде, 1-2 тармағында көрсетілген. Сонымен қатар, 262-бабының 1-2 бөлімі бойынша айыпталады. Қазіргі таңда сот отырысының уақыты мен күні тағайындалмады», – деді  Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир