Түркияда жасырынған қазақстандық азамат елге қайтарылды

16.09.2024 20:45

Ол тергеу изоляторында

Фото: elements.envato.com

27 миллион теңгені жымқырып, Түркияда жасырынбақ болған қазақстандық азамат елге қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті Алматыда бір жыл бойы есепші болып жұмыс істеп жүргенінде төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізіп, бөтеннің ақшасын заңсыз иемденген. Интерпол мен Бас прокуратура қызметкерлері шекара асып, халықаралық іздеуге жарияланған әйелді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазір ол тергеу изоляторында.

– Биыл тамызда ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ҚР Бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік жол апаты: жүргізуші ағашқа соғылып, мерт болды