|
09.01.2024 | 14:56
5274

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Бұл туралы бас қаланың ПД мәлімдеді

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды Коллаж: Almaty.tv

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишібаевқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Бұл туралы бас қаланың ПД мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Тараптар қорытынды іс материалдарымен танысып, қорғаушы тарапынан өтініш түскеннен кейін прокуратураға жолданған.

– Астана қалалық полиция департаменті Нүкенованың қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Сонымен қатар ведомство «Гастроорталық» директорына қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстарының да аяқталғанын атап өтті. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен таныса бастады, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлмира Шырахметова.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Мұхамади де қылмыстық істің аяқталғанын жазды. Қорғаушының сөзінше, ол іс материалдарымен әлі толықтай таныспаған. Ол желідегі жазбасында «бізді іске қатысты сараптама нәтижелерімен таныстырды, мұндай қатыгездік пен суыққандылықты мен бұрын-соңды көрмедім» деп жазды.

Адвокат Жанна Мұхамади:

«Өткен аптаның соңында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі уақытта іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Бірақ қылмыстық істің материалдарын толықтай әлі көрмедік. Қазір Салтанаттың отбасына құрмет танытқандықтан, кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғаушылық өтінішін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі».

Оқи отырыңыз: Заңсыз ойын бизнесі: күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир