Әрбір бесінші жемқорлық мемлекеттік сатып алу саласында анықталады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның дерегінше, осы салада 2020 жылдан бастап биылғы 1 тоқсанға дейін 418 қылмыстық іс тіркелген және 162 адам сотталған. Бұл қылмыстың 80%-ы орындалған жұмыстың жалған актісіне қол қою және сатып алу жеңімпазын анықтау кезінде бюджет қаражатын ұрлаумен байланысты екен.
«Қаржылық бақылау органдарының да сыбайлас жемқорлығын атап өту керек. Соңғы 2 жылда агенттік ішкі мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғаларына қатысты 27 қылмысты тіркеді. Олар мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысын қайта қарау үшін пара алып келген. Мысалы, ішкі мемлекеттік аудит мамандары шағым ұйымдастырған. Содан кейін қайтадан пайдакүнемдік мақсатында тексеру жүргізген», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.