Талдықорғандағы қонақүйлерге «бомба қойылғандығы» туралы хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
28 сәуірде сағат 18:35-те қалалық Полиция бөлімшесіне белгісіз біреу хабарласып, «Колизей» және «Парк Хауста» жарылғыш зат жасырылғанын айтқан.
Оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қонақ үйлер мен оның маңындағы дәмханалардан шамамен 80 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ Балпық би мен Рүстембеков көшелері қоршалған. Аталған оқиға бойынша «Терроризм актiсi туралы жалған хабарлау» деген айыппен іс қозғалып үлгерді. Қазір 102 нөміріне хабарласқан азамат іздестіріліп жатыр.
– Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен іздеу жұмыстары жүргізілді. Күдік тудыратын заттар табылған жоқ. Өңір полициясы көрнеу жалған хабарлар үшін заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Халықова.
Оқи отырыңыз: Өртен көз жұмған екі баланың өліміне қатысты тергеу басталды