Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысып, шаруаларға 18 миллион теңге шығын келтірген 2 қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қолға түскен 8 күдіктінің Ордабасы мен Арыс ауданының және Шымкент қаласының бұрын сотты болған тұрғындары екені анықталды. Олар 45 жылқы ұрлап, етін базарға өткізіп отырған.
Қазір күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
«Бірінші топ Ордабасы ауданының аумағында заңсыз әркеттерін жүзеге асырып, 26 бас жылқы ұрлап, тұрғындарға 10 млн 600 мың теңге шығын келтірген. Айғақ зат ретінде «ГАЗель» автокөлігі мен 2 жылқы тәркіленді», – деді ПД басшысының орынбасары Құрманбек Сахов.